jasqazaq.kz

БЖЗҚ әзербайжандық банкке салынған қаражат туралы айтты

14 қазан 2019, 10:28

БЖЗҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне инвестицияланған қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражат туралы айтты.

Мәулен Өтеғұлов өзінің facebook парақшасында салымшылардың көбі әзербайжандық банкке салынған қаражат қайтпай қалады деп ойлағаны туралы жазды. БЖЗҚ басқарушы директоры бұл әңгіменің шындыққа жанаспайтынын айтады. «2014 жылдың қазан айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебінен Халықаралық Әзербайжан банкінің (ХӘБ) құны 250 млн долларлық құнды қағаздары сатылып алынды. 2017 жылдың 11 мамырында ХӘБ-тің Нью-Йорктегі сотқа банкроттықты жариялайтыны анықталды. Кейін ХӘБ-тің қайта құрылымдалғаны хабарланды», — деп жазады Мәулен Өтеғұлов. Оның сөзіне сенсек, қайта құрылымдалғаннан кейін ХӘБ облигациялары Әзербайжан Үкіметінің дербес тәуелсіз облигацияларына айырбасталған. Бұл дегеніңіз Халықаралық Әзербайжанн банкінің БЖЗҚ алдындағы міндеттемелерін Әзербайжан Республикасының Үкіметі өзіне алып отыр дегенді білдіреді. «2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында жайлы нарықтық конъюнктураны есепке ала отырып, Әзербайжан Үкіметінің қалған бүкіл облигациялары нарықтық шарттар бойынша сатылған. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы ХӘБ облигацияларын сатып алғаннан бастап Әзербайжан Үкіметінің облигацияларына ауыстырылғанға дейін алынған барлық сыйақыларды есепке ала отырып, табыстың нақты ішкі ставкасы 4 пайызды (валютада) құраған. Бұл ставка шамамен қазақстандық банктерге қарағанда доллардық депозит бойынша табыстан 4 есе жоғары сома», — дейді ол. Мәулен Өтеғұловтың айтуынша, әзербайжандық банкпен болған оқиға қазақстандық салымшылар үшін жайлы аяқталған. Облигациялардың сатылғаны туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның мына сілтемесінен көре аласыз. Оны көру үшін сілтемедегі осы жылдың ақпан-сәуір айларындағы шолуын ашып, №7 кестесін тауып алу керек.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда