jasqazaq.kz

Бұзылған су қойманы 450 миллионға жөндеген (Видео)

23 қараша 2021, 14:39

Алматы облысында 450 миллион теңгеге жөнделген су қоймасы жарылды. Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы егістік мақсатта қолданатын бөгеттің құрылысы мамыр айында ғана аяқталған екен.

Алайда сапасыз құрылыс жарты жылға шыдас бермеді. Су тасқынынан зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ. Десе де түн ішінде басталған төтенше оқиғадан дүрлігіп қалған жұрт әлі өз-өзіне келе алмай отыр. Мән-жайды толығымен КТК тілшісі көріп келді. Мыңбаев ауылы жанындағы су қоймасының қазіргі сиқы жаман. Бөгетті жарып өткен тасқынның арыны қайтқанымен, қызыл су әлі бұлқынып ағып жатыр. Жақын маңдағы ауыл халқын аяғынан тік тұрғызған төтенше оқиға түнгі сағат 11-де басталыпты. Ал төтеншеліктер мен шенеуніктер содан бері көз ілместен апаттың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға барымызды салдық дейді.

Ақниет Тұматаев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

— Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 4 миллион 750 мың текшені құрайды. Су тасыған уақытта 50 пайызға, яғни 2 миллион текшеге толған. Қазір жағдай тұрақты. Су деңгей түсті. Транзиттік режимде жұмыс істеп тұр.

Егістік мақсатта қолданатын бөгет мамыр айында ғана күрделі жөндеуден өткізілген. 2019 жылдан бері жүргізілген құрылысқа бақандай 450 миллион теңге бөлінген. Бірақ су қоймасының қабырғасы жарты жылға шыдас бермей, есіл еңбек еш кетіп отыр. Алайда бастысы зардап шеккендер жоқ деп жұбатқан шененуніктер бөгетті қалпына келтіруді мердігер компания мойынына алатынын айтады. Түні бойы жұртты дүрліктірген су тасқынынан, абырой болғанда адам шығыны жоқ. Маңайда ешбір үй бүлінбеген.

Алайда арыны қатты ағын су Мыңбаев пен Қасымбек ауылдарын жалғап тұрған тас жолды шайып кетіпті. Қазір қозғалыс реттелгенімен, төңіректі полиция күзетіп тұр. Десе де сай жағалап аққан тасқын су сол маңдағы қаңғыбас иттер паналайтын орталықты ойрандап кетіпті. Еріктілер таңға дейін арпалысып, иттерді су жетпеген жерге тасып әлекке түстік дейді. Алайда бес итті су ағызып әкетіпті. «Қауіп сейілді» дегенімен, үрейленіп қалған еріктілер шенеуніктердің сөзіне сенгісі жоқ.

Наталья Сульжик, «Белый Бим» паналау орнының жетекшісі:

— Әрі қарай не істерімізді білмей отырмыз. Тасқын жалғаса берсе, иттерді алып баратын басқа жеріміз жоқ. Бөгеттің жарты суы дәл осылай бәрін бүлдіріп кетті. Жобамен 6 гектардай жер судың астында қалды. Олар оны толтырмаған. Егер бөгет суға толып тұрса күніміз не болмақ?

Мыңбаев ауылындағы бұл бөгет 15 жыл бұрын дәл осылай сыр берген көрінеді. Енді содан сабақ алмаған әкімдік өкілдері бар кінәні мердігер компанияның салғырттығына аударады. Бірақ, аяқталған құрылысты қабылдап алған сәтте құжат бойынша еш кінәрат табылмаған. Ал бөгетті қалпына келтіру алдағы көктемде басталады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық