jasqazaq.kz

БҰҰ Түркияның халықаралық атауын өзгертті

02 маусым 2022, 10:19

БҰҰ Түркияның барлық ресми құжаттағы республика атауын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Republic of Turkey (Түркия Республикасы) Republic of Türkiye болып өзгертілді», — деді Дюжаррик.

Оның айтуынша, аталған өзгеріс түрік билігі өтінім білдірген соң бірден күшіне енген.

«Ел атауының қысқа нұсқасы енді Turkey емес, Türkiye болады. Дегенмен алфавит бойынша Түркияның орны өзгермейді», — деп қосты Дюжаррик.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы түсіндіргендей, Түркия атауының жазбаша нұсқасын өзгерту Анкараның «елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға» бағытталған қадамдарының бір бөлігі ретінде қабылданған.

Бұған дейін Тайланд билігі Бангкоктың ресми атауын латын графикасында шет тілдерінде жазу үшін Bangkok емес, Krung Thep Maha Nakhon депөзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Шет тілдеріндегі астаналар атауларын жергілікті тілдің дыбысына көбірек сәйкес келтіру туралы шешімді Қытай да қабылдап, Пекинді Beijing-ге, ал Мьянма Rangoon-ды Yangon-ға өзгерткен болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр