jasqazaq.kz

БҰҰ Мьянма билігін жазалауды талап етті

27 тамыз 2018, 17:21

Рахкайн штатындағы геноцидке Мьянма армиясының жоғары билігін, оның ішінде генерал Минг Аун Хлинді соттауға болатындай мәлімет жетерлік. Бұл туралы БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық миссиясының Мьянма туралы баяндамасында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Құжат 18 қыркүйекте Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында ресми түрде ұсынылады. Баяндама авторлары Мьянмаға жіберілмеді, олар зерттеуін құрбандар мен куәгерлерден алынған сұхбаттар және спутниктік суреттер мен видеолар арқылы жүргізді. Жұмыс барысында сарапшылар Бангладеш, Индонезия, Малайзия, Таиланд және Ұлыбританияға барды. Мьянмадағы тергеу миссиясының өкілдерінің айтуынша, мемлекет армиясының жоғары басшылығы гоноцид жүргізген. Олар адамгершіліктен аттап, Ракхайн, Качин және Шан штаттарында әскери қылмыс жасаған. Сонымен қатар, құжатта Ракхайн штатында адамзатқа қарсы қылмыс элементтері байқалды деп көрсетілген. Ал 2017 жылы 25 тамыздағы оқиғадан кейін рохинджа халқы өкілдерінің жаппай көшіп-қонуы бір реттік операциядан емес, биліктің әдейі жүргізген саясаты әсерінен болды делінген миссияда. «Мьянма қарулы күштерінің әдісі әрдайым жалғасып отырған және үйлесімсіз, ол әсіресе Рахин штатында, сонымен қатар солтүстік Мьянмада байқалады. Олардың адам өміріне, қадір-қасиеті мен еркіндігіне және тұтастай алғанда халықаралық құқыққа деген жек көрушілігі барлық халықтың алаңдаушылығын тудырады», — делінген құжатта. «Ракхайн штатында жасалған қылмыс пен іс-әрекеттер геноцид тудыру ниетіне ұқсайды», — деп жазылған баяндамада. Сонымен қатар, миссия өкілдері қылмыс жасаған күдіктілердің тізімін берді. Оның қатарында Мьянма әскерінің бас қолбасшысы генерал Мин Аунг Хлайн және басқа бес қолбасшы бар. Есімдерінің толық тізімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасында және оны кез келген «құзыретті және сенімді» сот органына беруге болады. Миссия Мьянмадағы жағдай тергеуін Халықаралық қылмыстық сотқа жіберуді немесе жеке халықаралық қылмыстық трибунал құруды ұсынды. Осы уақытқа дейін сарапшылар қылмыс жасаған негізгі жауапты адамға жеке санкциялар енгізуді ұсынады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді