jasqazaq.kz

БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ Ауғанстаннан Алматыға келді

23 тамыз 2021, 14:26

БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Ауғанстаннан Алматы қаласының әуежайына келіп қонды. Ұшақ бортында 108 адам бар. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді», — деді БҰҰ баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неге Алматыда орналасқанын түсіндірген еді.

19 тамызда Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлері мінген алғашқы ұшақ Алматы әуежайына қонған еді.

Azattyq-ruhy.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия