jasqazaq.kz

БҰҰ: Әлемнің 20 еліне аштық қаупі төніп тұр

24 наурыз 2021, 10:49

Әлемнің 20 елі азық-түлікке аса мұқтаж. Егер тиісті көмек көрсетілмесе бұл елдерде аштық басталуы мүмкін. Мұндай ескертуді БҰҰ-ның азық-түлік мәселелерімен айналысатын екі мекемесі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Йемен, Оңтүстік Судан және Нигерия солтүстігінің тұрғындары үшін аштық басталды делінген Біріккен Ұлттар ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының дайындаған баяндамасында. Аштық қаупіне тап болған елдердің көбінің Африкада орналасқанымен, бұл проблема басқа өңірлерге де қатысты болып отыр: Азиядағы Ауғанстан, Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливан, Латын Америкасындағы Гаити – осы және басқа мемлекеттерге халықаралық қауымдастықтың көмегі аса қажет. Мамандар 34 млн адам «өлімге бір қадам жерде» тұрғанын айтуда. «Өмірлерді сақтап қалып, тұрғындардың табыс көздерін сақтап қалу және жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін шаралар қолдану – біздің ортақ парызымыз», — деп атап өтті БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының Бас директоры Цюй Дунъюй. Оның айтуынша, аштықты алдын алу үшін шұғыл халықтың осал топтарына гуманитарлық көмек көрсетіп, қажет деп болжанған 5,5 млрд долларды жинау қажет.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия