jasqazaq.kz

БҰҰ әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұрғанын ескертті

08 мамыр 2020, 9:20

БҰҰ пандемиямен күресу үшін кедей елдерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ халықаралық ұйымдарға пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Көптеген кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды.

Аталған Халықаралық ұйым гуманитарлық көмек көрсетудің жаңартылған жоспарын таныстырды. Ол кезде көмекке қажетті сумма екі млрд доллар доллар болса, бүгінде ол қаражат жағдайдың күрделенуіне байланысты 6,7 млрд долларға өскен.

«COVID-19 пандемиясы бұл барлығымыз үшін сынақ. Алайда әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигрантттардан келетін және туризмнен түсетін қаражаттары қысқарды», — деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок виртуальды конференцияда.

Сондай-ақ, ол сөзінде пандемияның осы салдарын жоюмен күреспейтін болсақ, оның зардабын кедей елдер ғана емес бүкіл әлем тартатындығын жеткізді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия