jasqazaq.kz

Бюджеттің 310 миллиарды қалай болса солай жұмсалған

06 ақпан 2021, 17:12

Бюджеттің 310 миллиард теңгесі қалай болса солай жұмсалған. Шенеуніктер дағдарыстағы жағдайды жақсартуға бағытталған қомақты қаржыны тиімсіз жаратыпты. Осындай қорытынды шығарған Есеп комитеті әсіресе жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасынан көп шикілік тапқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасында мынадай кемшіліктер кеткен:

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын компаниялардың міндеттері анық көрсетілмеген.

Келісім-шарттың 8 пайызы дұрыс рәсімделмепті.

Бағдарлама аясында жұмыспен қамтылғандар ары кеткенде 1-2 ай ғана жұмыс істеген.

34 пайызында зейнетақы аударымдары атымен жоқ.

Мердігерлердің әлеуметтік жауапкершілігі қарастырылмай, елдімекендердің абаттандырылуы ақсап тұр.

310 миллард теңге тиімсіз жұмсалса, соның тек 146 милларды қазынаға қайтарылыпты. Мониторингтік топ жалпы 2 триллион 200 миллиард теңге бюджет қаржысының жұмсалуын тексеріп шыққан. Нәтижесінде 72 дерекке қатысты іс құқық қорғау органдарының қарауына жіберіліп, 339 іс бойынша 196 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасында да 49 миллард теңге сауатсыз жұмсалыпты. Компаниялар бюджет қаржысын еш негізсіз жұмсаған, ал жергілікті атқарушы билік жобалардың жүзеге асуын қадағаламаған.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық