jasqazaq.kz

Бюджеттен қаржы жымқырған әкімдік қызметкері сотталды

15 қантар 2020, 16:14

Оралда бюджет қаржысын жымқырған қалаға қарасты Желаев ауылдық округі әкімі аппараты қаржы-экономика бөлімінің басшысы Г.Хабулова сотталды.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Г.Хабулова 2013-2019 жылдары бухгалтерлік құжатқа аталған мемлекеттік мекеменің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, «Казначейство клиент» ақпараттық жүйесінде өзінің электронды қолтаңбасын пайдалана отырып, карточкалық шотына еңбек демалысы және емдік жәрдемақы түріндегі қаражатты негізсіз аударған. Сөйтіп ол мемлекетке 11 млн 473,149 мың теңге залал келтірген. Залал толықтай өндірілді. Г.Хабулова Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеусіз екі жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде