jasqazaq.kz

Бюджетке қатысу: Алматының барлық ауданында күрес, бокс, футбол үйірмелері ашылады

04 қазан 2021, 10:32

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында қоғамдық кеңістікті ретке келтіру бойынша кешенді жұмыстар туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаевтың жазуынша, қаланың орталық аудандарында бұрыннан бар сквер мен алаңдар жөнделіп, ретке келтіріліп жатса, шеткі аумақтарда бос әрі қараусыз қалған учаскелерде балалардың ойын және спорт кешені орнатылып жатыр. «Бұл — «Бюджетке қатысу» жобасына қатысып, белсенділік танытқан қала тұрғындарының арқасы», – деп атап өтті мегаполис әкімі. Мысалы, биыл Наурызбай ауданында осындай 32, Алатау ауданында – 31, Түрксібте – 18 алаң орнатылады. Әуезов ауданында – 21, Жетісуда – 18, Медеу мен Бостандық аудандарында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Алмалы ауданында бос жатқан 5 учаске абаттандырылып, үй жануарларын серуендетуге арналған 3 алаң ұйымдастырылды. Балалар мен жасөспірімдердің еркін ойнап, аға буын өкілдерінің демалысына жайлы орынды шағын учаскелердің тұрғындары өздері таңдайды. Сондықтан мұндай аймақтардың қадамдық қолжетімділігі маңызды. Айта кетейік, барлық ауданда күрес, бокс, футбол үйірмелері ашылады.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия