jasqazaq.kz

Бюджетке 776 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

29 қыркүйек 2020, 11:28

Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті мемлекет бюджетіне 776 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелерінің ізін кесті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұзақ уақыт бойы орындалмаған жұмыс, көрсетілмеген қызмет пен тиелмеген тауар үшін жалған шот-фактуралар дайындап келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олардың әрекетінен мемлекетке 776 миллион теңге шығын келген», — деп хабарлайды Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-2 бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) топтың басшысы, ұйымдастырушысы мен қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық