jasqazaq.kz

Бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

04 сәуiр 2019, 11:08

Нұр-Сұлтанда 100 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Елорда прокурорлары жымқыру фактісі бойынша істі сотқа жеткізді. Электр және жылу энергиясының тарифтерін белгілеуге қатысты өткен жылдың тексеріс қорытындысы шықты. Ол бойынша «Астана — Энергия» Ақ басқарма төрағасының орынбасары О.В.Уткин мен «Тесла» ЖШС директоры И.А.Веселыйға қатысты бөтеннің мүлкін ірі көлемде жымқыру фактісімен сотқа дейінгі тергеу аяқталды», — деп хабарлайды прокуратурадан. 2015 жылдың наурыз айында «Астана-Энерго» АҚ жалпы сомасы 375 млн теңгеге «Фирма Акназар» ЖШС-мен келісім жасаған. Келісім ЖЭО-1,2 жылуының коммерциялық есебіне автоматтандырылған жүйені орнату бойынша жасалған. Келісімдегі шарттарды орындау үшін ЖШС басқа бір қосалқы мердігер «Тесла» ЖШС-ны тартқан. Ол компанияның басшысы И.А.Веселый болып, жауапты міндет соған артылған. Құрылыс-экономикалық сараптама бойынша соттағы қорытындыға сәйкес, орындалған жұмыстың көлемі мен бағасы жобалық-сметалық құжаттамада бекітілген құжаттағы көлем мен бағаға сәйкес келмеген. Ақыры, орындалмаған қызмет пен жеткізілмеген құрылғының бағасы 103 млн теңгені құраған. Істі тергеу барысында О.В.Уткин мен И.А.Веселый өздеріне тағылған айыппен толық келісіп, кінәні мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісімге келген. Мемлекетке келітірілген шығын толығымен қалпына келтірілді. Сонымен бірге, жобаның жүзеге асуын бақыламай, бюджет қаражатының жымқырылуы қылмысында көмек көрсеткені үшін ЖЭО-1 және ЖЭО-2-нің бірқатар лауазымды басшылары мен директорлары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен О.В.Уткин 4 жылға сотталып, И.А.Веселый 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі күшіне енді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда