jasqazaq.kz

Бюджет қаражатын игермегендер жауапқа тартылады

12 қараша 2019, 12:31


Бюджет қаражатының игерілмеуіне жол берген тұлғаларды жауапқа тарту үшін тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. 
«Бюджет бөлігіне келсек, биылғы жоспар бойынша өткен жылмен салыстырғанда асыра орындау байқалып отыр. Дегенмен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты игермеген. Бюджет қаражатының игерілмеуіне жол берген тұлғаларды жауапқа тарту бойынша тиісті шешімдер қабылданады», — деді Үкімет басшысы. Осы ретте Асқар Мамин министрлер мен әкімдердің назарын жыл соңына дейін 1,5 ай ғана уақыт қалғанына аударды. «Сол себепті нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында барлық шараларды ұйымдастыру керек. Жалпы экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі үшін инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру, өнімділікті жақсарту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бәріміз баса назар аударуымыз қажет», — деді Асқар Мамин. Айта кетейік, отырыс барысында 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов бірқатар министрлік пен әкімдік республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отырғанын айтып, Үкімет басшысынан қаражатты игере алмаған бюджеттік жетекшілерін жауапқа тартуды сұраған болатын.

 ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда