jasqazaq.kz

Бұрынғы жігітімнің көңілдесі болғаныма өкінемін

27 тамыз 2018, 11:19

Мен ажыраскан әйелмін жасым 24-те. Менің бұрынғы қыз кезімде жүрген жігітім қыс мезгілінде маған хабарласып, өзінің ажырасып кеткенің айтты.

Сол уақыттан бастап ол маған көңіл бөле бастады. Ол басқа қалада тұрады, ал біздің қалаға іссапармен келген екен. Біз 3 ай жүрдік, 3 айдан кейін ол бір күнде жоғалып кетті.
Мен оны шамалы уақыт өткен соң тауып алдым. Ол өз әйелімен қайта қосылғанын айтты және тек бала үшін, ал әйелін сүймейтінін басып айтты. Солай біз қайтадан кездесе бастадық. Соңғы кездесуден кейін ол бала-шағасын алып Алматыға кетіп қалды. Бір ай өткен соң өзімнің жүкті екенімді білдім. Оған хабарласып едім «өзің біл, жаным, дәл қазір мен ештеңе айта алмаймын» деді. Содан түсік жасатуыма тура келді. Біз 3 ай жүргенде мен оған бауыр басып қалдым. Одан кете алмаған себебім де сол. Мен әйеліне болған жайды хабарлауды жөн көрдім! Олар мүлдем ажыраспаған болып шықты. Әйелі күйеуінің үнемі жүріс жасайтынын, бірақ ұстап алмаған соң мойындамайтынын айтты. Әйелі онымен өзінің бақытсыз екенін де жасырмады.

Қазір мен сол жігітпен байланысқаныма қатты өкінемін. Әйеліне хабарласып, бар шындықты айтқаным дұрыс па, дұрыс емес пе, білмеймін, бірақ жеңілдеп қалдым. Басқа қыз-келіншектерге айтарым, көңілдес болуға ешқашан келіспеңіздер. әйелдер де күйеуінің өзін алдап жүргенін білуі тиіс деп ойлаймын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді