
Жеке кәсіпкерден пара алған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ ЖД-158/7 түзеу мекемесінің басшысы мен оның орынбасары сотталды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 31 мамыр күні Тараз қалалық №2 сотының үкімімен мекеме басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Сот үкіміне сәйкес ол мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, «әділет подполковнигі» атағынан айырылды. Ал оның орынбасары да «әділет подполковнигі» арнайы атағынан, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылып, жазасын 7 жыл абақтыда өтейтін болады.
Дереккөзі: ҚазАқпарат