jasqazaq.kz

Бұрынғы сот орындаушысы көлік ұрлады деген күдікпен ұсталды

16 наурыз 2021, 14:36

Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айып тұрағында тұрған Toyota Camry көлігінің жоғалғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты.

Халыққа есеп беру кездесуінде Ержан Сәденов Toyota Camry көлігін Нұр-Сұлтандағы айып тұрағынан айдап әкеткен күдіктілер туралы айтып берді.

«2021 жылдың басында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде үш күдікті ұсталды. Олардың бірі бұрын жеке сот орындаушысы болып жұмыс істеген және айып тұрақтарынан көлікті шығару үшін құжаттарды жасау алгоритмін білген. Осылайшағ, олар көлік ұрлап, қайта сатуды ұйғарған», — деді ол.

Ержан Сәденов ұрланған Toyota Camry Ақтөбеде табылып, тәркіленгенін айтты.

«Үш күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында олардың осындай бес қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Алаяқтар Шымкентте табылған және тәркіленген Toyota Land Cruiser және Нұр-Сұлтанда тәркіленген Hyundai Accent көліктерін иемденген»,-деп толықтырды Нұр-Сұлтан ПД бастығы.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия