jasqazaq.kz

Бұрынғы қаржы вице-министрі төрт жылға сотталды

23 қыркүйек 2021, 16:44

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық No2 соты бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шығарды.

Сот Руслан Еңсебаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және осы бап бойынша оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтеуді үкім етті. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органында, ҚР Ұлттық банкінде, оған бағынышты мекемелерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда өмір бойына қызмет ету құқығынан айырылды, — деді No2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.

Ол үкім заңды күшіне енгенге дейін кепіл түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасы қамау түрінде ауыстырылып, оны бірден қамауға алу керектігін айтты.

Кепіл кепілгерге қайтарылсын. Жазаның орындалуы үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі 2021 жылдың 23 қыркүйегінен бастап, яғни үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақытымен есептеледі, — деп түсіндірді судья.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия