jasqazaq.kz

Бұрынғы әйелі мен қызын сыртынан жауып, үйге от қойған

24 шiлде 2020, 15:28

өрт

Оралда бұрынғы әйелі мен қызын сыртынан жауып, үйге от қойған тұрғын қамауға алынды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 139-бабы тәртібімен Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Аталған ер адам 20 шілде күні сағат 22.40 шамасында Зачаган кентіндегі Құс фабрикасы ауданында бұрынғы әйелінің үйіне от қойып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған күдікті қылмысын мойындаған. Осы қылмыс бойынша Зачаган полиция бөлімі ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптамалар тағайындалды.

Әйелдің бұрынғы күйеуі үйге бензин шашып, есікті жауып, өртеп жіберген. Әйел мен бала қашып үлгерген.

Ол әйелді жиі ішіп келіп, ұрып соққан. Бұрынғы күйеуімен 5 жыл бұрын ажырасқан. Екеуі 17 жыл бірге некеде тұрған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде