
Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып жатыр. Тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан қой-ешкі тұра алмай қалған. Ветеринарлар төрт түлікке суық өтті деп отыр. БҰл туралы «Астана» телеарналарына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Шалқар ауданындағы екі ауылда 100-ге жуық ұсақ малы бұрашақтан кейін пышаққа түсіпті. Өйткені жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген.
Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады. Өйткені тұрғындар оларды ерте қырықтыққа салған. Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді, дейді ветеринарлар.
«Малды, ұсақ малдарды қырыққаннан кейін жайлауға шығарған. Енді уақытында бауыздап, сойып үлгеріп, етін таратқан», — дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.