jasqazaq.kz

Бүркіт аулап, сатпақ болған күдікті ұсталды

05 шiлде 2019, 12:47

Ақтөбеде Қызыл кітапқа енген бүркітті аулаған күдікті ұсталды. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің патруль полициясы ротасы Қарабұтақ-Қостанай тас жолында жеңіл көлікті тоқтатты. Полиция қызметкерлері Мәртөк ауданының тұрғынынан 7 бүркіт тәркіледі. Қызыл кітапқа енген құсты ол Нұр-Сұлтан қаласына апарып сату үшін аулап алған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, тәркіленген бүркіттер Жас натуралистер стансасында тұр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң бүркіт мекен еткен Мәртөк ауданына қайта жіберілуі мүмкін.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда