jasqazaq.kz

Былтыр тауда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

01 маусым 2020, 16:38

Үлкен Алматы көлінің тұсында із-түзсіз кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды.

Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметі растады. Қыздың денесі Үлкен Алматы көлінің қасындағы Космостансадан табылған. Қазір полиция қыздың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады.

Айта кету керек, 26 жастағы қыздың жоғалғаны 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған. Қыздың 9 қараша күні Космостанса ауданында таудан түсіп келе жатқанын адамдар көрген.

Іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген соң Әсел Панарғалиеваның туыстары ол туралы кез келген ақпаратқа ақшалай сыйақы берілетінін жариялады. Еске салайық, былтыр 19 тамызда осыған ұқсас қайғылы жағдай болған еді.

Қазақстандық 3 альпинист Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғызстандағы Тянь-Шань тауында із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев парақшасында жазды. 23 тамызда ауа райының қолайсыздығы мен көшкін қаупіне байланысты құтқару командасы альпинистерді іздеуді тоқтатқан болатын.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия