jasqazaq.kz

Былтыр ғана төселген асфальт қармен еріп кетті

05 сәуiр 2019, 9:33

Шұрық-тесік жолдан шаршаған тұрғындар шенеуніктерден бастап, мердігер компанияларды жауапқа тартуды көздеп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір жарамсыз жолдың кесерінен көлігін бұзып алған жүздеген жүргізушіден шағым түскен. Ақыры тексеруге шыққан әкімдіктегілер де бір-екі жылда жөнделген он көшенің жолының ойдым-ойдымы шыққанын мойындады. Тіпті қаланың қақ ортасындағы ең ірі даңғылдың өзі шұрық-тесік. Ондағы асфальт былтыр ғана төселген. Енді осы жолдардың кепілдік уақыты бітпей тұрып, мердігер компанияларға асфальт жамылғысын өз ақшасына қайта төсетпекші.

Руслан Төреғали, Ақтөбе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

— Қазір оннан астам көше анықталды. Бұл мекемелерге нұсқама берілді. Бұл кезде екі обьект бар. Бұл обьектілер 2018 жылы сотқа берілген болатын. Енді олар өз қаржысымен қайта жөндейтін болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда