jasqazaq.kz

Бүлдіршінді байлаған ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды

10 қантар 2020, 14:51

Түркістан облысының Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған кішкентай бала байлаулы отырған видеоға қатысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршін бөлменің ортасында байлаулы отырған видео тарап жатыр. Көріністен әйел адамдардың ұрыс-керісін, «баланы бұлайша қорлауға бола ма?» деген сөздерді естуге болады. Видеоны баланы көруге келген әкесі түсірген. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен соң, бала анасымен қалған. Ал, перзентін көруге келген әкесі бұрынғы әйелі бүлдіршіннің аузын тұмшалап, тіпті қимыл-қозғалысын шектеп тастағанын көреді. Оқиғаға байланысты бүгін Түркістан облыстық Полиция департаменті ресми ақпарат таратты. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бұл жағдай Сарыағаш ауданында болған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. «Бұл жайт биылғы 8 қаңтарда Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Арызда жергілікті тұрғын азаматтық некеде болған бұрынғы әйелі 2017 жылы туған ұлына қысым көрсеткеніне шағымданған. Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғады. Тергеп-тексеру барысында оқиғаның толық мән-жайы мен кінәлілер анықталатын болады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», — делінген хабарламада.

Бұған дейін осы жайлы видео тараған еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия