jasqazaq.kz

Бүлдіршіндерге құрттаған ботқа берілген

16 желтоқсан 2021, 0:06

Түркістан облысында бүлдіршіндерге құрттаған ботқа берілген. Темірлан ауылындағы «Балбөбек» балабақшасында ас мәзірі мен беріліп жатқан тамақ мүлдем сәйкеспейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал тозығы жеткен ойыншықтарды көруге көз ұялады. Ұжым қызметкерлерінің зейнетақы мен міндетті медициналық сақтандыру қорына деп ұсталған ақша айлап түспейді екен. Ал балабақша мәселесін «жақсы білеміз» деген білім бөлімі шарасыз екенін айтады.

Жазуына дейін оңып кеткен «Балбөбек» балабақшасында былтырдан бері береке жоқ. Бір жыл бұрын меңгерушісі жұмыстан босаған соң ұжымда жанжал көбейген. Үнемі «қаржы жетіспейді» деген басшылар мен есепші зейнетақы мен сақтандыру қорына деп ұсталған ақшаны бермейтінді шығарыпты. Тіпті «қарыздың орнын толтырамыз» деген желеумен әрқайсының жалақысынан 5 мың ұстайды екен.

Салтанат Жұмабекова, балабақша қызметкері:

Бес-алты ай зейнетақымыз құйылмай қалды. Биыл зейнетақы екі ай құйылмады, жаңа бухгалтердің, қазан, қараша. Оны кешіктіріп құям дейді. Қаржы жағынан жетіспейді дейді. Негізі біздің бүкіл қаржыны аудандық білім бөлімі тағайындайды, солар есептейді.

«Тиіс ақшамызды ала алмай жүрміз» деген қызметкерлер ашумен бар былықты жайып салды. Бахил орнына аяғымызға пакет кигізіп ғимаратқа кіргізген олар ойыншықтардың түрін көрсетті. Мұндағы бүлдіршіндер ойыншық деуге аузың бармайтын заттармен ойнауға мәжбүр.

Салфетка боп кеткен ғой мынау, шынымен. Ойнайды балалар. Ойыншық сұрасақ, өздерің ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, дұрыс сөйлессеңдер, ата-аналар әкеп береді дейді.

Қызметкерлер сөзінше бұл балабақшадағы көрсетілген ас мәзірі мен берілетін тағамдар екі түрлі. Көбіне еті жоқ тамақ, қатқан тәтті нан беріледі дейді. Тіпті бөбектерге берілген арзан ботқадан құрт шыққан да кездер болды дейді. Балалардың ұйықтап жатқан бөлмесі тазалық талаптарына сай емес. «Балбөбек» балабақшасындағы жатын бөлменің жағдайы осындай. Қабырғасы қақырап өрмекшінің торындай сызаттарға толы. Жарықтардың үгіндісі балалардың бетіне түсе берген соң әрі сызаттан суық ұрған соң, тәрбиешілер кереуеттерді амалсыз жарты метрге жылжытуға мәжбүр болыпты. «Тәрбиешілер шулады» деген соң дереу жеткен білім бөлімінің басшылығы балабақша ұжымы жоғарыдан берілген қаржыны өзі игеруі тиіс дейді. Бірақ ұжым ішіндегі алауыздықтың салдарынан «Балбөбекке» бала аз келеді» деген басшылық бұл мекемеге бір жылдан бері меңгеруші табылмай жатқанын айтады. Ал зейнетақы қорына түспеген жарнаны тауып беруге уәде береді.

Шұға Нұрабаева, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:

Зейнетақыдағы қаржысын мен ертеңгі қаңтар айының 10-на дейін түсіріп беремін. Ал кешегі өздерінің 16-17-ші жылдардағы қаржыларын мен түсіріп берем деп айта алмаймын. Өйткені ол кезде бұл кісілер жергілікті әкімдікке қараған. Бұл кісілердің ұжымдағы ахуалы төмен боп жатыр. Одан кейін біз сырттан адам әкелдік. Мүмкін осы дұрысталатын шығар деп.

Шенеуніктің сөзінше, ұжымдағы түйткілді біржола шешу үшін балабақшаға уақытша басшы емес, есеп білетін меңгеруші керек. Бірақ мәселесі көп ұжымға ешкімнің келгісі келмейтінін айтады. Сондықтан «Балбөбектің» мәселесі жуық арада шешілмейтін сияқты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде