Семейде спорт колледжінің кітапханасына бұлан кіріп кетті. Бұл оқиғаны сол жердегі куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл туралы «Интерфакс-Казахстан» хабарлады.
Аймақтық биологиялық орталықтағылар, бұланның кіргенін растады. Ол терезе арқылы кірген.
«Біз бұланды кітапханадан көрдік. Ол қорқып қалған. Адамдардан қашып, терезені сындырып кірген. Бұлан колледж аумағынан белгісіз бағытқа кетті», — деді орталықтағылар.
Жануардың қайда екені белгісіз. Семей қаласының тұрғындары бұланды теміржол вокзалының жанында көріп, видеоға түсіріп алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram