jasqazaq.kz

«Бұл – ұят нәрсе»: Тоқаев Талдықорғандағы Абайға арналған ескерткіштер туралы

20 қазан 2022, 11:03

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде Талдықорғанда Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіштің жоқ екеніне тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Бүгінде ұлы Абайдың кесенесі – еліміздегі ең танымал нысанның бірі. Алайда, Талдықорған облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Бұл – ұят нәрсе, үлкен олқылық. Оны түзету керек. Алтынемелде қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мекені бар екені барша жұртқа белгілі. Шаңқанай ауылында оның ескерткіші, мұражайы бар. Жергілікті жұрт қазақтың ұлы перзенті жерленген жерді қараусыз қалдырмаған. Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз Шоқанды әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек. Жалпы, біз ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек. Мұндай тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру қажет», — деді ол.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, сүйегі шетелде қалған ұлы тұлғаларымызды дәріптеудің қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Осы тақырыптан туындайтын тағы бір мәселе бар. Ел тарихында ерекше орын алатын көптеген тұлғаларымыз шетелде жерленген. Ұлтымыздың ұлы перзенттері Әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан Сирияның Шам шаһарында жатыр. Қазақтың әйгілі үш биінің екеуі – Төле би мен Әйтеке бидің зираты – Өзбекстанда. Құрманғазы мен Бөкей ханның кесенесі Ресей жерінде. Жат жерден топырақ бұйырған басқа да көптеген тарихи тұлғаларымыз бар. Әрине, олардың бәрінің сүйегін елге алып келу мүмкін емес. Ондай мақсат та жоқ. Бірақ, тағдырдың жазуымен жат жерде қалған ұлы бабаларды ұмыт қалдырмау – біздің азаматтық парызымыз», — деді Қ. Тоқаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр