jasqazaq.kz

«Бұл — нағыз теракт»: Венада тұрғындарға оқ жаудырды (видео)

03 қараша 2020, 11:45

Террористік шабуыл салдарынан екі адам көз жұмды. Он бес адам ауруханаға жеткізіліп, ауыр жараланған жеті адамға медициналық көмек көрсетілді.

Террористер Венаның бірнеше аумағында сериялы атыс шабуылын ұйымдастырды. Соңғы мәліметтер бойынша, ​​оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.

Жергілікті билік лаңкестер жергілікті Синагогаға да шабуыл жасалғанын мәлімдеді

​Жараланғандар арасында полиция қызметкері де бар. Он бес адам ауруханаға жеткізіліп, ауыр жарақат алған жеті адамға медициналық көмек көрсетілді.
Австрия канцлері Себастьян Курц бұл оқиғаны теракт деп атады.

Бір қылмыскердің өлтірілгені белгілі болды.   Бүкіл Австрияда, соның ішінде шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.  Сонымен қатар, Австрия ұлттық кеңесі мен парламенттің сейсенбідегі отырысы кейінге қалдырылып, мектептерде де сабақ тоқтатылды.

Айта кетейік, бұл соңғы бір апта ішінде Еуропада жасалған алғашқы теракт емес. Өткен бейсенбіде Францияның Ницца қаласындағы шіркеуге қылмыскерлер шабуылдап, төрт мерт болды. Ал екі апта бұрын француз мұғалімі сатиралық Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың жанжалды карикатурасын сабақ үстінде көрсеткені үшін өлтірілген.
Осыдан кейін Франция президенті Эммануэль Макронның сөз бостандығы діни нанымнан жоғары тұратындығы туралы мәлімдемесінен соң, мұсылман әлемінде наразылық толқыны күшейе түсті.

 Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия