jasqazaq.kz

Бұл ауылда арақ сатылмайды, мал ұрламайды (Видео)

07 мамыр 2021, 19:40

https://youtu.be/vuq1GfslH9c

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Мұндағы тұрғындардың тұрмысы мен өзгелерге үлгі боларлық учаскелік инспектордың жұмысы жайында Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Ауылда 518 отбасы тұрады, яғни, мыңнан аса адам. Мұндағы отбасылардың барлығы дерлік мал ұстайды. Өйткені, ауылдық жерлерде мал мен егін – отбасының экономикалық әл-ауқатының негізі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бірде-бір қылмыс жасалмаған. Бұған азаматтардың тату-тәтті қатынаста болуы және учаскелік полиция инспекторының қолға алған профилактикалық шаралары негіз болды. Атап өту керек, аталмыш ауылда екі дүкен бар, алайда, ешқайсысында алкоголь сатылмайды. Тоқтарбай Дулатов – осы аймақтың тумасы. Учаскелік инспектор болғандықтан, ол бірінші кезекте ауыл тұрғындарымен және ақсақалдармен, кент әкімшілігімен, жергілікті мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнатқан. Учаскелік инспектор ауыл әкімшілігімен бірге мал жаюды ұйымдастырды. Енді жануарлар үнемі бақылауда. Сонымен қатар, Тоқтар көмекшілерімен бірге атпен немесе көлікпен кентті және оның айналасын үнемі патрульдейді. – Тоқтар осы ауылға келгелі қылмыс азайып, ауылымызда қазір мал ұрлығы жоқ деп айтуға болады. Учаскелік инспектор мектеп қызметкерлерімен тығыз байланыста. Оқушылармен, ата-аналармен рейдтер ұйымдастырып тұрады, – деді ауыл әкімі Ерлан Әбілдашев. Жиделіарықта “Сақшы-Сарбаз” қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Күн сайын екі ауыл тұрғыны учаскелік инспекторға тәртіпті қадағалауға көмектеседі. Жалпы, Қызылорда облысы бойынша мал ұрлығы фактілері 20%-ға азайған. Бұған құқық қорғау органдарының арнайы әзірлеген алдын-алу шаралары және осы қылмыс үшін жазаны күшейту ықпал етті. Енді мал ұрлығы үшін барлық мүліктен айырылып, істің мән-жайына байланысты 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. – Сақшы-сарбаздармен бірігіп, түнде де, күндіз де қылмыстың алдын-алу профилактикалық жұмыстарын жүргіземіз. Осы жұмыстардың нәтижесін елеп, Қызылорда облысының Полиция департаментінің бастығы NIVA жаңа автокөлігін берді, – деп атап өтті учаскелік инспектор Тоқтарбай Дулатов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия