jasqazaq.kz

Бүкіл отбасы өртеніп кеткен 11 жастағы баланың жағдайы ауыр (видео)

26 наурыз 2018, 16:23

Ресейдің Кемерово облысындағы сауда үйінен шыққан өрттен 11 жастағы Сережа бүкіл отбасынан айырылды. Бұл туралы РФ денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп мәлімдеді Today.kz НТВ арнасына сілтеме жасап.

Мекеме басшысы Вероника Скворцова баланың әке-шешесі мен қарындасы қайтыс болғанын айтты.

Отбасы «Зимняя вишня» сауда үйіне бас киім сатып алуға келген, сосын бәрі ойын алаңына кіріп кеткен.

Өрт кезінде әкесі ұлын терезеден итеріп үлгерген. Басқалары секіріп үлгермеді.

«Жәбірленушілердің ішінде ең ауыр зардап шеккен – өрт кезінде төртінші қабаттан секірген 11 жастағы бала, оның жамбасы сынған. Жағдайы ауыр, бірақ оңалып келеді», – деді Вероника Скворцова.

Естеріңізге салайық, 25 наурызда «Зимняя вишня» сауда үйінің төртінші қабатынан өрт шықты. 64 адам қайтыс болды.

Тірі қалған бала жан сақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде