jasqazaq.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары салықтан босатылады

29 маусым 2020, 12:35

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қазан айына дейін салықтан босатылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Балаева БАҚ-қа қолдау көрсетілетінін айтады. Себебі, оның айтуынша, баспасөз жарнамадан түсетін табыстың 60 пайызынан айырылуы мүмкін.

«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бүгін Парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды қарастыратын заңнамаға түзетулерді мақұлдады.

Парламент заң жобасын қабылдады, оның аясында коммерциялық теле, радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін босату қарастырылған», — деді министр халық алдындағы есептік онлайн-кездесуде.

Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия