jasqazaq.kz

«Бұқар жырау Тауэрс-тегі» атыс неден шықты? (Видео)

27 сәуiр 2021, 10:13

Алматының полициясын аяғынан тік тұрғызған сенбідегі атыстың себебін оқиға болған «Бұқар Жырау Тауэрс» кешенінің тұрғындары өзінше болжайды. Айтуларынша, қырғынға пәтер иелері кооперативі қызметкерлері түрткі болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Атыс болатын күні бизнес-класс санатындағы үйдің шаруашылығына жауаптылар онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың рұқсатын сұрамай, жиһазын далаға шығарып тастапты. Содан қып-қызыл жанжал туған. Қанды қырғынға ұласқан қақтығыстың жай-жапсарын тілшіміз білуге тырысты.

Кілең бай-бағлан тұратын бизнес-класты «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінің бұл қабаты нағыз соғыс алаңына айналғандай. Айнадағы, есіктегі, қабырғадағы оқ іздері мұнда нағыз қырғын болғанын көрсетіп тұр. Ал оқ жаудырған адам мына пәтерде тұрған. Қазір оны полиция мөрлеп тастады. Көршілерінің айтуынша, бүлікші бұл үйде тоғыз жылдан бері тұрып келген. Тапа-тал түсте күзетшіні атып, күллі тәртіп сақшысын аяғынан тік тұрғызған – Руслан Исаев деген Ресей азаматы. 53 жастағы тұрғын мұнда әйелі, 4 баласымен бірге Дағыстаннан көшіп келген. Оны тоғыз жылдан бері жақсы танып алған көршілері марқұмның өз-өзін ұстай алмайтын, қызуқанды болғанын айтады. Ал сенбі күні пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың кіреберісінде тұрған дивандарын далаға шығарып тастап, жағдайды одан сайын ушықтырды дейді.

Айжан Мұхамедиева:

— Дивандарды кіреберістегі адамдар жүретін жолға қойып тастаған. Біздердің әрі-бері өтуімізге кедергі келтірді. Сондықтан біз шағымдандық. Бірақ оған алдын ала ескерту керек еді. Ал олар айтпастан, өз бетімен далаға шығарып тастады.

Содан қару асынған ол жиһазын жылжытқандарды іздеп күзетке барған. Күзетшінің жауабы ұнамаған соң, аяғынан атып, үйіне кіріп кетіпті.17-қабаттағы пәтерінде бекініп алған азамат бірнеше сағат берілмей, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған. Ақыры келісімге келмей, терезеден секіріп өлді. Пәтер иелері кооперативі марқұмның жиһаздарын далаға шығарып тастағанын мойындап отыр. Алайда атысқа себеп ол емес дейді.

Әлібек Найзабекұлы, шаруашылық меңгерушісі:

— Диван үшін туындады деп ойламаймын. Біреуді атады деп. Ол адамның қанша жерден есі дұрыс болмасын, диван үшін біреуді ататын түсінбеймін. Ол адамдардың бетіне түкіретін, келе жатқан адамның бетіне түкіретін. Сосын қолында қамшысы болатын. Адамды атуға әкелген жағдайы, ол көктемге байланысты деп ойлаймын.

Психологиялық ауру деп ойлаймын. Одан қалды, әйеліне жұдырық жұмсайтын дейді көршілері. Кезекті төбелестен соң әйелі бала-шағасын ертіп төркініне кеткен. Ресей азаматы бұдан бөлек, діни ұстанымына байланысты қыздарын да мектепке жібермей қойыпты. Ал 10 күн бұрын терезесіне Ресей президенті Путинге қарсы ұран ілген. Атыс ашып, артынша 17-қабаттан секіріп өлген азамат расымен жүйке ауруына шалдыққан ба, ол жағы белгісіз. Полиция қазір оның қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия