jasqazaq.kz

Бұқа көшедегі адамды сүзді. Иесі айыппұл арқалады (видео)

10 сәуiр 2020, 11:06

Шымкент қаласында жол бойына шығып кеткен бұқа, көлігін жөндеп жатқан жүргізушіні сүзген. Қазір сиырдың иесі анықталып, оған хаттама толтырылды.

Абай аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Эльбурс Нышанбаев 15 наурызда Жиделібайсын көшесінің бойында автокөлігін жөндеп жатқан жүргізушіні сүзіп соғып кеткен бұқаның иесін анықтап, полицияға жеткізді.

Бұқаны сол көшенің 42 жастағы тұрғыны мал базарынан сатып алып келе жатқан кезде, бауынан босап кеткені анықталды. Осындай жағдайларға жол бермеу бойынша бұқаның иесімен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігі (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

https://youtu.be/G4hXxQSWlOk

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия