jasqazaq.kz

Бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта өтеді

01 қазан 2021, 10:31

Қазақстанда бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта өтеді. Интервьюерлер үй-үйді аралап, сауалнама жүргізеді. Бұл осыған дейін онлайн санақтан өте алмағандарға қатысты.

Оффлайн форматтағы санақ 30-шы қазанға дейін жалғасады. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды. Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Әрқайсысы арнайы планшеттермен қамтылған. Алынған барлық ақпарат Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Қызметкерлер, азаматтардың жеке дерегін жария етпеуге міндетті. Олар көк орауыш тағып, санақ символы бар портфел ұстап жүреді. Сонымен қатар, әрқайсысында тіркеу нөмірі бар арнайы куәлік болуы тиіс. Оның түпнұсқалығын Sanaq.gov.kz сайтынан тексеруге болады.

Айта кетейік, 1-30 қыркүйек аралығында санақ онлай жүргізіліп одан 6 миллионнан астам адам өтті.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия