jasqazaq.kz

Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні

13 шiлде 2020, 10:27

Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін — Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы келесі күні қол қойды.

«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде.

Президент бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керектігін айтты. Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы қосымша шараларды да атап өтті: нақтырақ айтқанда, елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек күшейтіліп, ауруханаларда төсек орындарының саны арттырылады. Қолданыстағы зертханалар тестілеуге қол жетімділікті арттыру үшін қайта жабдықталып, ПТР-тестілеу үшін 8 мобильді орталық құрылады. Ондай орталықтар ауыл-аймақтарда да ашылмақ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық