jasqazaq.kz

Бүгін түнде Алматыдағы барлық блок-бекеттер алынады

31 мамыр 2020, 10:27

1 маусымда түн ортасында Алматының шекарасындағы барлық блок-бекеттер алынып тасталады.

1 маусымның түн ортасынан бастап біз қаланың шетіне қойылған барлық кедергілерді алып тастаймыз. Төтенше жағдай кезінде олар өздерінің негізгі функцияларын орындады, олар қаладан шығу және қалаға кіру қозғалысын шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Сонымен қатар ол барлық полиция қызметкерлеріне, санитарлық қызметке, фито және ветеринарлық бақылауға, қаланың аудандық әкімдіктеріне, Ұлттық ұланның әскери күштері мен Қорғаныс министрлігіне алғысын білдірді. Осы 2,5 ай ішінде олар өз міндеттерін тиісінше орындап, тәулік бойына қызмет етті.

Қозғалыстағы шектеулерді алып тастау елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануына байланысты мүмкін болды, — деп қосты әкім.

Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар күшейтілген санитарлық қауіпсіздік шаралары жағдайында жұмыс істейді. Үйлерді, аулаларды және көшелерді зарарсыздандыру ұдайы жүргізіліп отырады. Біз Сіздерден белгіленген ережелерді, гигиенаны, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, қорғаныс маскасын киюді сұраймыз. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз! — деп сөзін қорытындылады қала әкімі.

zakon.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі