jasqazaq.kz

Бүгін шаршы алаңға 7 боксшымыз шығады

17 қыркүйек 2019, 12:31

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға жеті қазақстандық шығады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

9 қыркүйек күні алауы тұтанған әлем біріншілігінде қазақ былғары қолғап шеберлері жеңіліссіз келе жатыр. Чемпионатқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 8 салмақ дәрежесі бойынша 8 боксшымыз қатысуда. Атап айтар болсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Қайрат Ералиев, 63 келіде Зәкір Сафиуллин, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғауда. Бүгін, яғни 17 қыркүйекте жеті салмақ дәрежесі бойынша 1/8 финалдық кездесулер өтеді. Күндізгі сессия (Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады): А ринг 63 келі — Зәкір Сафиуллин — Энди Крус (Куба) B ринг: 52 келі — Сәкен Бибосынов — Уберчен Мартинес (Колумбия) 91 келі — Василий Левит — Марат Григорян (Украина) Кешкі сессия (Нұр сұлтан уақытымен 20: 00-ден): А ринг 69 келі — Абылайхан Жүсіпов — Ник Сыра (Германия) 81 келі — Бекзат Нұрдәулетов — Keno Machado (Бразилия) +91 келі — Қамшыбек Қоңқабаев — Аюб Кадфа (Испания) B ринг 57 келі — Қайрат Ералиев — Чатчай Бутди (Таиланд).

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде