jasqazaq.kz

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде өрт қаупі сақталады

01 шiлде 2022, 10:25

 

Бүгін, 1 шілдеде Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл туралы  Қазгидрометке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, осы күні Қызылорда облысының басым бөлігінде де төтенше өрт қаупі болуы мүмкін. Өңірдің орталығында да осы ахуалды назарда ұстау қажет.

«1 шілде, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысындағы ауа райы да осы секілді, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», — деп жазды ведомстводан.

Синоптиктердің зерделеуінен белгілі болғандай, 1-2 шілде күндері түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, бүгін облыстың солтүстігінде, шығысында күші — 15-20 м/с, күндіз екпіні — 25 м/с. Ал ертең жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Айта кетейік, Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысының Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде