jasqazaq.kz

Бүгін қазақстандық 10 боксшы шаршы алаңға шығады

23 сәуiр 2019, 11:10

Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық 10 спортшы ширек финалдық кездесулерін өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13.00-де басталатын күндізгі сессияда еліміздің 6 боксшысы сынға түседі. Атап айтқанда, Закир Сафиуллин (60 келі) қытайлық Цзюнь Шаньмен, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) өзбек жігіті Исраил Мадримовпен, Василий Левит (91 келі) ирактық Саади Мохаммед Рабеамен қолғап түйістіреді. Қыздар арасында Дина Жоламан (54 келі) қытайлық Шуан Шимен, Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Лаишрам Девимен, Ақерке Бақытжан (75 келі) қытайлық Ли Шианмен шеберлік байқасады. Кешкі сессия Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17.00-де басталады. Бұл жолы Асланбек Шымбергенов (69 келі) өзбек Бобо-Усмон Батуровпен, Назым Қызайбай (51 келі) үндістандық Заин Нихатпен, Милан Сафронова (64 келі) жапон Аяка Тагучимен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) иорданиялық Одай Альхивдавимен жекпе-жекке шығады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық