jasqazaq.kz

Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

30 тамыз 2019, 11:32

30 тамыз – елдіктің басты нышаны – Конституция күні. «Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда аударғанда «құрылыс» деген мағына береді.

Мемлекеттік құрылымның іргетасы болып тұрған қолданыстағы Ата Заңның қабылданғанына биыл 24 жыл толады. Әлемдегі тұңғыш конституция Англияда қабылданған екен. Ал жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та күшіне енген. Қазақстанның дербес ел ретіндегі алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Бірақ, ол құжаттың көптеген тұсы кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған болатын. Жаңа Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенттік басқару жүйесіндегі мемлекет екені айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Ата Заңның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде