jasqazaq.kz

Бүгін Қадір түні: Діни басқарма мәлімдеме жасады

08 мамыр 2021, 16:07

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады.

«Еліміздегі және әлемдегі көптеген қоғамдық іс-шаралар мен жиындар онлайн режимде өтуде. Оның басты себебі пандемиялық жағдайды одан сайын күрделендірмеу екені белгілі. Өйткені, жұқпалы дертпен оқшаулану арқылы ғана күресудің маңызы күн сайын артуда. Әлемдік тәжірибеде коронавируспен күресудің оқшаулану тәсілі оң нәтижесін беріп жатқанын жақсы білеміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі пандемиялық жағдайды ескеріп, қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлайды. Осы ретте Қадір кешін үйде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз.

Әр адам өзінің отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық әрі адамгершілік жауапкершілігін терең сезініп, жұқпалы дерттің таралмауына үлес қосса, Алланың жәрдемімен бұл сынақты да еңсереміз. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Бұл аят баршамызға өмірлік ғибрат болуы тиіс», — делінген діни басқарма таратқан ақпаратта. Осылайша Қадір түнінде отандық телеарналар мен «Халық арна», «Хикмет ТВ» және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама көрсетіледі. «Қасиеті мол қадір түні» онлайн бағдарламасында белгілі ғалымдар уағыз-насихат айтады. Сондай-ақ Құран хатым дұғасына қатысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қазақстандықтар діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығынан 8 7172 33 30 30 нөміріне хабараласып, тәулік бойы қызықтырған сауалды қоя алады.

«Алла Тағала сауабы мың айдан артық, түндердің төресі, қасиетті Қадір кешінде үйде жасаған дұға-тілектерімізді, құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, мешіттерімізде бір сапта тұрып, намаз оқитын күнді жақын еткей. Жаратушы Жаббар Иемізден жер бетінен жұқпалы індетті жойып, қалыпты күнге оралып, қуанышты күндерге жеткізуін тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әмин!», — делінген хабарламада.

Дереккөзі: muftyat.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия