jasqazaq.kz

Бүгін футболдан Испания чемпионаты қайта жалғасады

11 маусым 2020, 12:04

Бүгін футболдан Испания чемпионаты қайта жалғасады. Коронавирус инфекциясына байланысты кейінге шегерілген 28-турдың алғашқы ойынында «Севилья» мен «Бетис» командалары кездеседі.

Аталған тур 12-15 маусымда төрт күнге созылады. Бұл турда 12 маусымда «Гранада» мен «Хетафе», 13 маусымда «Валенсия» мен «Леванте», «Эспаньол» мен «Алавес», «Сельта» мен «Вильярреал», «Леганес» пен «Вальядолид», 14 маусымда «Мальорка» мен «Барселона», «Атлетик» пен «Атлетико», «Реал Мадрид» пен «Эйбар», 15 маусымда «Реал Сосьедад» пен «Осасуна» командалары кездеседі.

Қазір турнир кестесінде 27 ойыннан кейін 58 ұпаймен «Барселона» командасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындағы «Реал Мадрид» командасының 56, «Севильяның» 47 ұпайы бар.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді