jasqazaq.kz

Бүгін футболдан ел біріншілігі басталады

07 наурыз 2020, 11:36

Бүгін елімізде футболдан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді.

Алғашқы тур елордалық «Астана» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары арасында басталады. «Астана-Арена» стадионының дайын болмауына байланысты елордалық клуб бірінші айналымдағы ойынын Алматы қаласындағы «Жас қыран» стадионында өткізуді жоспарлап отыр. Соңғы алты жылда чемпиондық атақты ешкімге бермей келе жатқан «Астана» екі жылдан кейін Премьер-лигаға қайта қосылған «Қызылжарды» жеңе ала ма? Бұған дейінгі екеуара алты ойынның барлығында елордалық клуб басым түскен болатын. Бұл ойын елорда уақытымен 14.00-де басталады. Одан кейінгі тағы бір кездесу де Алматыда жалғасады. Жергілікті «Қайрат» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Екі команда арасындағы 66 кездесудің 36-сы алматылық клубтың жеңісімен аяқталса, 16-сы «Тараздың» пайдасына шешілді. Қалғанында тең есеп тіркелді. Тараздық клуб «Қайратты» Алматыда соңғы мәрте 2010 жылы 3:0 есебімен жеңген еді. Содан бері оңтүстік астанада қарсыласының осал тұсын таба алмай жүр. Бүгінгі кездесу елорда уақытымен 15.00-де басталады. Бүгін Шымкентте «Ордабасы» мен «Оқжетпес» ойнайды. Өткен жылы «Ордабасы» үшінші орын алып, Еуропа лигасына қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал «Оқжетпес» жетінші орынды қанағат тұтты. Былтыр шымкенттік клуб аталмыш қарсыласын екі ойында тізе бүктірсе, біреуінде тең түсті. Көкшетаулық команда былтыр «Ордабасы» қақпасына бірде-бір гол соға алған жоқ. Ойын елорда уақытымен 15.00-де басталады. Сондай-ақ, бүгін Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен Қарағандының «Шахтері» арасындағы кездесу өткізіледі. Бүгінге дейін командалар 66 мәрте кездескен. Оның 28-і «Тобылдың», 26-сы «Шахтердің» пайдасына шешілген. Қарағандылық клуб Қостанайда соңғы рет «Тобылдан» 2018 жылдың 17 наурызында 1:0 есебімен басым түскен. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталады. Ал 8 наурызда Қызылордада «Қайсар» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Екі команда бүгінге дейін 51 мәрте кездесті. Оның 16-сы павлодарлық клубтың пайдасына шешілсе, 14-і «Қайсардың» жеңісімен аяқталды. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталады. Премьер-лигаға 19 жылдан кейін оралған Ақтаудың «Каспий» клубы Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдайды. Екі команда бүгінге күнге дейін 13 мәрте кездесті. Оның 7-еуі ақтаулық клубтың жеңісімен аяқталса, 4-інде «Жетісу» мықты екенін танытты. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталаады.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі