jasqazaq.kz

Бүгін Екібастұздағы барлық көпқабатты үйге жылу беріледі

30 қараша 2022, 14:32

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Екібастұз қаласының ахуалы жөнінде оқиға орнынан бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЖЭО-ға келетін судың қысымы төмендеп, шығыны көбейіп кетті. Сол себепті, ЖЭО иелері мен әкімшілік шешім қабылдап, 149 көпқабатты үйді, 114 жеке үй мен 15 әлеуметтік ғимаратты жылумен жабдықтаудан уақытша ажыратты. Бұл немен байланысты? Біз екі тәулік бойы су кеткен жерді іздедік. Оның бір ерекшелігі бар, су жердің астынан сыртқа шықпайды. Кеше ғана су кетіп жатқан ең үлкен жер табылды. Қазіргі уақытта барлық жұмыс сол жерде жүріп жатыр, ол үшін 39 бригада, оның ішінде 214 адам басқа қалалардан да жиналды. Бүгін түскі уақытта Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көпқабатты тұрғын үй мен Amanat партиясының ғимаратына жылу қосылады. Кешке дейін барлық көпқабатты үйлерге жылу беріледі», — деді Серік Жұманғарин.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр