jasqazaq.kz

Бүгін Әзербайжанда Президент сайлауы өтеді

11 сәуiр 2018, 10:19

Бүгін, 11 сәуір Әзербайжан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау өтеді.

Айта кетерлігі, кезекті президенттік сайлау 2018 жылдың күзінде өтуі тиіс болатын. Алайда, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтың президенттік сайлауды 2018 жылдың 11 сәуіріне тағайындау туралы өкімі 5 ақпан күні жарияланды. Сайлауды мерзімінен бұрын, кезектен тыс тәртібінде өткізу негізінен Әзербайжанда саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер беретінімен түсіндірілген. Сондай-ақ, биылғы жылдың екінші жартысында Әзербайжанда жоғары деңгейдегі бірқатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отырғаны айтылады. Соның ең бастысы — Әзербайжан демократиялық республикасы құрылғанының 100 жылдығы. Аталған деңгейі жоғары мереке де күзге белгіленген. Осындай ауқымды шараларды негізге алған Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізуді жариялаған болатын. Сайлаушылар президентке үміткер 8 кандидат бойынша сайлау құқықтарын жүзеге асыратын болады. Кандидаттар қатарында билік партиясы — «Ени Азербайджан» партиясы ұсынған елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев, өзін-өзі ұсынушы Захида Оруджа, Социал-демократиялық партиясының өкілі Араз Ализаде, Біртұтас халық майданы партиясынан Гудрат Гасангулиев, «Ұлттық өрлеу қозғалысы» партиясынан ұсынылған Фарад Гулиев, «Жаңа Мусават» партиясынан Хафиз Гуджиев, Ұлттық майдан топтарының өкілі Рази Нуруллаев, Әзербайжан демократиялық партиясынан Сардар Мамедов бар. Бұл жолғы сайлаудың ең басты ерекшелігі — президент бұрынғыдай бес жыл мерзімге емес, жеті жыл мерзімге сайланады. Өйткені 2016 жылдың күзіндегі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдумда президенттің өкілеттік мерзімі жеті жылға ұзартылды.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді