jasqazaq.kz

Бүгін әлем тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады

14 желтоқсан 2020, 12:07

Екі жарым сағатқа созылатын күннің тұтылуы тәуліктің түнгі мезгіліне сай келгендіктен, қазақстандықтар оны бақылай алмайды.
Күннің тұтылуы дүйсенбі, 14 желтоқсанда болады. Оны бірнеше елдің тұрғындары сол сәтте-ақ көре алады. Күннің тұтылуы UTC уақыт белдеуі бойынша 16:13-те немесе Мәскеу уақытымен 17:25-те басталып, тұтылудың максималды фазасы шамамен Мәскеу уақытымен 19:00-де күтіледі. Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундты құрайды. Астрономиялық бұл құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы байқалады. Соның ішінде Атлант мұхитының оңтүстігі мен Аргентина және Чили тұрғындары айқын көре алады. Сондай-ақ, тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктида мен Африкада да көрінеді. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз байқалады. Тәуліктің түнгі мезгіліне сай келгендіктен, күннің тұтылуын қазақстандықтар бақылай алмайды. Айта кетейік, мұның алдындағы күннің тұтылуы 22 маусымда тіркелді және ол Қазақстан аумағында анық көрінген.

ktk.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия