jasqazaq.kz

Бұғатталған 22 миллиард доллар қайта қолымызға тиюі мүмкін

23 қантар 2018, 11:01


АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллар алдағы көктемде қайта қолымызға тиюі мүмкін. Ол үшін ел үкіметі кепілдік нысанын ұсыну керек. Халықаралық рейтинг агенттіктері осылай жазып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Халықаралық қаржы нарығына зерттеу жүргізетін «SP глобал рейтингс» агенттігі жыр болған 22 миллиард 600 миллион доллардың наурыз айында бұғаттан шығатынын жазыпты. Бұл ақшаны Нью-Йорк Меллон банкі өткен жылдың соңына қарай шектеу қойып тастаған болатын. Молдовалық инвестор Анатолий Стати мен Қазқақстан үкіметінің арасындағы келіспеушілік кесірінен Ұлттық қордың осынша активі қыл үстіне түскенін айта кетейік. Бизнесмен сот арқылы 4 миллиард талап еткен еді. 2013 жылдың желтоқсан айында Стокгольм сотында үкім Анатолий Статидің пайдасына шешіліп, еліміз оның қалтасына 500 миллион доллар салып беруі тиіс болған. Бірақ, үкімет онымен де келіспей, Лондон соты арқылы оның күшін жойды. Ал Қазақстан үкіметінің келтірген мәліметтері мен сот шешімдеріне талдау жасаған халықаралық агенттік болса оң болжам жасап отыр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды