
Жүргізуші Бурабайға кіре берісте орнатылған Welcome to Burabai деген жазуды көлігімен қиратып тастады.
Tengrinews.kz хабарлағандай, 13 маусым күні кешке болды. Апат болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарап кетті. Полицияның мәліметінше, көлікті 35 жастағы ер адам басқарған.
«Жолдың 16-шы шақырымында келе жатқан Skoda Superb автокөлігінің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған», — деді Ақмола облысының полиция департаментінде.
Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы «Көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram