jasqazaq.kz

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен (видео)

28 мамыр 2020, 21:53

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен. Төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған кісі сол жерде жан тәсілім етті. Соққының қатты болғаны сонша, марқұм 40 метрдей ұшып, денесі бөлшектеніп кетіпті. Ал полицей оқиға орнынан із суытқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нұрлан Жүнісов таңертеңгісін Макинск қаласына іс-сапарға кеткен. Ол Көкшетаудағы электр желілері торабында бағаналар таситын жүк көлігінің жүргізушісі. Жолда көліктен түсіп төлем терминалына жол ақысын төлемек боп жақындағанда, жүйткіген көлік кеп соққан.

Маржангүл Нүкенова, марқұмның қызы:

— 40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық, Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә.

«Мұсылмандық жолмен шаңырағында бір түнетіп, арулап барып жерлей алмадық» — деп өкінеді туысқандары. Өйткені марқұмның денесі бөлшектеніп қалған, мәйітханадан әкеле есік алдынан жөнелткен. Ал оқиға орнынан қашып кеткен Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы екен. Басшылары оны қызметінен шығарып үлгеріпті.

Ләззәт Қасымжанова, ҚР ІІМ Көліктегі ПД баспасөз хатшысы:

— Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27-мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Жол апатын жасап адам өліміне себепші болған бөлімше бастығының бұл әрекетіне департаменттің басшы құрам санатындағы бірнеше қызметкерді де тәртіптік жауапқа тартқан. Қазір полиция майоры қамауға алынып, «Жол ережесін өрескел бұзу» бабымен тергеліп жатыр. Ал оқиға орнын қашып кеткені туралы бір ауыз сөз жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия