
Бәс тігу мен ұтыстарға қатысты барлық нәрсе неліктен қазақстандық қауым арасында жағымсыз көзқарас тудырады?
Бәріне бір өлшеммен қарау
Ойын бизнесі туралы үрейді ұшыратын оқиғалар желіде жүздеген қаралым жинауды жалғастыруда. «Қара сенсацияның» әуесқойлары үшін айналдыра беретін тақырып. Клиенттерді алдаудың түрлі тәсілдерін қолданатын қулық-сұмдыққа толы ойынхана тақырыбындағы тоқсаныншы жылдардағы оқиғалар баспасөз беттерінде дүркін-дүркін жарияланып отырады. Бірақ назар аударатын бір жайт: құмар ойындары индустриясы туралы қорқынышты әңгімелердің авторларының бірде-бірі «сәттілікке» бәс тігетін казино және ойын автоматтары залдарын, нәтижесі сырттан анықталатын букмекерлік кеңселерден бөліп-жармайды. Мұнда бәрі рулетка дөңгелегіне емес, сырттағы оқиғалар, мысалы матч нәтижесіне байланысты.
Анығын айтсақ, бүгінде осы тақырыпты қоғамдық кеңістікте талқылауды өз мойнына алғандардың көпшілігі (тіпті кейбір танымал шенеуніктер мен депутаттар да) мұндағы айырмашылықтың неде екенін мүлдем білмейді. Букмекерлік кеңселер үшін белгілі бір өзгерістер ұсына отырып, бастамашылар ойынханаларға қатысты мысалдарды келтіреді.
«Рыбачинские» тізгінді ұстады ма?
Бұл қылмыс әлеміндегі танымал тақырып. Газеттер мен желілік порталдарда жекелеген казинолардың (оның ішінде қазір жұмыс істеп тұрғандары, мысалы Қапшағай арнайы ойын аймағында) ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы туралы әңгімелер бар. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, 2000 жылдардың ортасында Қапшағай қаласындағы ойын автоматтарының жеке залдарын өз бақылауына алған осындай «Рыбачинские» атты ұйымдасқан қылмыстық тобы болған. Бұл да шындық. Қарақшылар бір уақытта шынымен де жекелеген ойын орындарымен тікелей байланыста болған. Бірақ бүгінде оның қайсысы екенін ешкім нақтыламайды. Дегенмен бұл атақты ойын автоматтары залдары және жекелеген казинолар, оның ішінде сол кездегі танымал ойынханалар екенін білуге болады.
Ойын индустриясы жайлы таратылатын теріс көзқарас ешқандай да нақтыланбаған және бәріне бірдей қара күйе жағуда. Айталық, 2019 жылы ойын бизнесі туралы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу кезінде дәл осындай қуатты ақпараттық науқан өтті. Сол кезде баспасөзде және әлеуметтік медиада осы салада бұрын-соңды болмаған қылмыстар туралы ақпарат дүркін-дүркін жарияланды. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қазақстанның заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар екенін мәлімдегеннен кейін орын алды. Атап айтқанда, қылмыстық топтар елдің 17 қаласындағы 48 астыртын нысанды (казино мен ойын автоматтары залдарын) бақылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының күштік құрылымдары бірлескен шара өткізіп, астыртын жұмыс істеген ойынханалар жойылды, төрт трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілдері ұсталды. Осыдан кейін мұның бәріне ешқандай қатысы жоқ букмекерлік кеңселер аталған басылымдардың назарына ілікті.
Букмекерлік кеңселердің өздері атап өткендей, бұл ақпараттық науқан баршаға белгілі ұсыныстармен аяқталды. Атап айтқанда, спорттық шараларға ставка қоюға болатын кассаларды Бурабай мен Қапшағайдың арнайы аймақтарына ауыстыру. Ол кезде ешкім түзетулерді ұсынған бастамашыларға да, оны қолдаған депутаттарға да немесе көшедегі қарапайым адамдарға да букмекерлік бизнестің мән-мағынасы дәстүрлі құмар ойыны индустриясынан мүлдем өзгеше екенін түсіндірген жоқ. Тіпті халықтың осы айырмашылықты түсінуіне ешкім де мүдделі емес еді. Нәтижесінде букмекерлік сала өзге мәселелермен байланысты жағдайда өмір сүруде. Олар қайдағы бір қылмыстық топтардың, астыртын ойынханалардың, өзгелердің лотерея ойындарымен байланысты мәселелер.
Мүдделі тараптар және олардың тәбеті
Осындай теріс көзқарас туғызатындардың бәрінің өз мүдделері бар. Кейбіреулерге рейтинг қажет, енді бірі көп қаралым жинауды көздейді. Тағы біреулері прайм-таймдағы қымбат жарнамаларды қажет етеді. Мұның бәріне ақша төлейтін басқалар болса – аталған саладағы теріс пиғылды бәсекелестерге қызмет етуі немесе саланы сауын сиыры деп санайтын сыртқы мүдделер үшін жұмыс істеуі мүмкін. Букмекерлік кеңселерді тұншықтыруды көздейтін және оны астыртын ойынханалар сияқты «қылмыстық топтармен» байланыстыруға мүдделі адамдар «биік» мақсаттарды көксейді. Олар ережелерді әлдебіреудің пайдасына өзгерткілері келеді. Нақты кімнің? Бұл мүлде бөлек әңгіме және оған біз міндетті түрде ораламыз.
Қарапайым адамға әлгіндей ақпараттық ойындар, әрине, қызық емес. Бірақ мұндай ойындардың болуы кез келген ойлана білетін адамға тақырыпты байыпты талдауға, шынайы ақпарат іздеуге және не болып жатқанын анықтауға сылтау болып табылады. Ал біреу сізге букмекерлік кеңселердегі ойындарға бәс тігудің қаншалықты қауіпті екенін иландыруға тырысқанда, ең болмағанда «неліктен?» деген заңды сұрақ туындамай ма?
Ендеше олар түсіндірсін.
Адалдық үшін
Дүние жүзі бойынша сөзсіз құрметке ие сала қорғанысты қажет етпейді. Оның үстіне, дәл осы букмекерлік кеңселер үлкен спорттағы ережелердің шынайы ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етті (иә, дәл солардың арқасында Батыста алдын ала келісілген атышулы матчтар келмеске кетті).
Бірақ біз адалдықты қолдаймыз.
Ақпараттық тапсырыстың айқын белгілері білінген кезде, бүкіл бір саланы айыптаған кезде, мұның бәрі кімге және не үшін қажет екенін анықтауға деген ниет пайда болады.
Сала біркелкі емес. Казино, ойын автоматтары залдары, лотерея, букмекерлік кеңселер, бұлардың бәрі бір нәрсе емес. Белгілі бір себептермен бұл туралы қарапайым адамдарға айтылмайды. Бірақ мұны білу маңызды! Бір жерде құмарлық пен сәттілік басым болса, бір жерде бәрін қарапайым электронды бағдарлама шешеді. Ал бәс тігіп, болжам жасайтын жерде салқынқандылық пен сол саладағы білім маңызды.
Мұның бәрін біреу қасақана араластырып, сізді қылмыскерлермен және рулеткамен қорқытып жатса, сізге ең болмағанда, бұл туралы ойлану керек. Жалғыз көзді ме, жоқ па, бұған қарақшылардың не қатысы бар? Осындай насихат кімге қажет?
Ерлан Қалтаев