jasqazaq.kz

ҰБТ-ның екінші күні ата-аналар балаларына телефон арқылы емін-еркін көмектесті

22 маусым 2017, 13:24

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде талапкерлерден 23 мыңға жуық тыйым салынған зат тәркіленген. Үш бірдей бала аудиториядан шығарылып, олардың барлық жауаптары жойылған.

Ал, бүгінгі сынақта ата-аналар кешегіндей мазасыз емес. Емін-еркін кітаптарды ашып, балаларына телефон арқылы көмектесіп отырды. Алматыдағы тестілеудің қызығы мен шыжығы жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгін қазақ Ұлттық аграрлық университетінің маңы құдды бір жайма базарға ұқсады. Өйткені, әр көлеңкеде бір топ ата-ана отыр. Кешегіндей мониторға телмірген ешқайсысы жоқ. Бастары басқамен қатуда. Бір қолдарында қалам мен қағаз, екіншісінде телефон. Бірі есеп шығарып әлек, енді бірі камераны көріп, өзімізге тап берді.

Бұл Алматы бойынша бесінші филиал. 718 талапкер сынақ тапсыруда. Мұнда да студент атанудан үміттілер тағы жарты сағатқа кешігіп шығып жатты. Ал, комиссия мүшелері сырттағы ата-аналары мен іштегі балалары еш байланыста бола алмады деп сендірді.

«Жеті баладан телефон тәркіленді. Ал, аудиторияда телефон қолданған бала қуылған жоқ» – №5 филиалдың жетекшісі Есебек Жанашұлы.

Комиссия мүшесі іште ұялы телефонның болғанын қанша жасырып бақса да, емтиханнан шыққан түлектер растап отыр.

-Алып алды, келесі жолы шығарып жібереміз деді.
– Құрбымның аудиториясында ұсталғандар болды. Байланыс ұастап тұрды, бірақ хат жіберілмеді, – дейді талапкерлер.

Ал, емтихан аяқталған соң оқушылар телефондарын іздеп, тіпті кейбірі жауап қағаздарын талап етіп жүрді.

«Қасымда отырған бала менің жауап парақшамды, өзінің ответін белгілеп қойды 18 жауабын. Мен ауыстырып бер дегенде сол уақытта неге айтпайсыңдар деді. Мен ол кезде айтқам, бірақ екі сөйлеп тұр өзі» – дейді талапкер Әлішер Арыстай.

Ал, кеше басталған Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні республика бойынша 23 мыңға жуық тыйым салынған зат алынған. Үш бірдей талапкер аудиториядан шығарылып, ЖОО-на түсу құқығынан қағылыпты. Ал, бірінші күнгі орташа балл 75-тен асқан.

stan.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу